Оқу маусымына санаулы күндер қалды. Осы күндерді тиімді пайдаланып, балаларыңыздың тамақтануы мен ұйқы режимін қалыпқа келтіріп алыңыздар. Баланың білім бәйгесінде оза шабуына жазу, сызудан да басқа факторлар әсер ететінін ұмытпағайсыз. Ұялы телефонды қарау уақытын қысқартып, таза ауада көбірек бірге серуендеуге әрекет етіңіздер. Жатар алдында балаларыңызбен армандары туралы сөйлесіп, болашаққа бірге жоспар құрыңыздар. Саналы ұрпақ-ұлтымыздың тірегі екенін ұмытпағайсыз. Және сіз бен біз саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында барымызды салып, жанымызбен кірісуіміз керек екендігін естен шығармаңыз! Оқу жылына сәттілік!